Жаңалықтар

Білім беру жобасы Agrisen.kz С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-де іске қосылды

ҚазАТЗУ, Agrisen.kz қазақстандық Aitas Agro Агрохолдингі және Франция АШМ білім беру жобасын іске асырды, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Жобаның негізгі мақсаты — мамандардың білімі мен дағдыларын өзектендіру арқылы ауыл шаруашылығында адами капиталды дамыту.

Жобаның тұсаукесеріне Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильвен Гийоге, Францияның ТМД елдері бойынша АШМ атташесі Мари-Агнес Амос, Aitas Agro агрохолдингінің вице-президенті Рабиға Тоқсейітова, аграрлық компаниялардың басшылары, фермерлер, білім беру мекемелерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты.

«Бұл іс-шара Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Ауыл шаруашылығы — экономикамыздың негізгі салаларының бірі. Осы салада білікті және кәсіби мамандарды даярлау — біздің бірінші кезектегі міндетіміз», — деді Ербол Тасжүреков.

Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гийоге жоба Agrisen.kz азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ғана емес, екі ел арасындағы экономикалық әлеуетті дамытуға да бағытталған.

«Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруға дайынбыз. ҚазАТЗУ француз серіктестері-agroparistech және agreenium ұйымдарымен көпжылдық ынтымақтастықты мақтан тұтады. Бұл ынтымақтастық біздің студенттерімізбен оқытушыларымызға озық технологияларға, француз ғалымдарының бірегей тәжірибесімен озық тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Басқарма төрағасы – ҚазАТЗУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.

Жоба шеңберінде әлемдік сарапшылардың тәжірибесін енгізу, білім беру әдістемелерін жетілдіру және тренингтер өткізу көзделген.

Тараптар арасында ҚазАТЗУ, Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі және «Aitas Agro» ЖШС ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Францияның аграрлық саладағы бірлескен бастамаларын одан әрі дамыту үшін негіз болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button