Жаңалықтар
Биыл ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне ₸216 млрд бөлінеді
Мемлекет басшысы агросектор автопаркін жыл сайын 10%-ке жаңартуды тапсырды, деп жазады 24kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев тозған техникаларды жаңғырту үшін жеңілдетілген лизинг беру бағдарламасын ерекше атаған болатын. Президент пәрменін орындауда «ҚазАгроҚаржы» компаниясы жүйелі жұмыс істеп келеді. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке беруге 216 млрд теңге бөлді. Бұл былтырмен салыстырғанда 31%-ке көп.