Жаңалықтар

Биыл Павлодар облысындағы егіс алаңының көлемі — 1,7 млн гектарды құрайды

Павлодар облысы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындықты аяқтауда. 2025 жылы облыстағы егіс алаңы 1 687,3 мың гектарды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 123 мың гектарға артық. Негізгі көңіл астық, майлы және жемшөп дақылдарының егісін кеңейтуге аударылады.

Астық дақылдары 953,2 мың гектарды, майлы дақылдар — 395,6 мың гектарды, жемшөп дақылдары — 304,3 мың гектарды, картоп — 26 мың гектарды, көкөністер мен бақша дақылдары — 8,4 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ, суармалы жерлердің көлемі 82,1 мың гектарды құрайды.

Егіс науқанын сапалы және уақтылы жүргізу үшін 6 200-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылады. Бұл техника жер өңдеуді үздіксіз қамтамасыз етіп, барлық агротехникалық шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Облыс шаруалары көктемгі дала жұмыстарын толық көлемде жүргізу үшін 164,5 мың тонна тұқыммен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 4,1 миллиард теңге субсидия бөлінеді. Бұл қаржы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер сатып алуға бағытталып, фермерлердің қаржылық ауыртпалығын азайтуға және агросезонның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button