Жаңалықтар

Биыл тыңайтқыштарды сатып алуға 31,3 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 257 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді. Соның ішінде 144 мың тоннасы отандық тыңайтқыш өндіруші кәсіпорындардың өнімінен шығарады, деп хабарлайды basagro.kz.

Ауыл шаруашылығының вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, фермерлердің минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуі туралы айтып, қазір қоймаларда 88 мың тонна сақталып жатқанын хабарлады. Жалпы жұмыстарына 704 мың тоннаға жуық тыңайтқыш пайдалану жоспарланып отыр, оның 63%-ы қазақстандық өндіріске тиесілі.

Тамабектің хабарлауынша, жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестер мен арамшөптерден қорғау үшін субсидиялау шеңберінде 32,6 млрд теңге бөлінген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button