Бұқар Жырау ауданында ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылады
Бұқар Жырау ауданында халық үшін жайылым тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін пилоттық жоба іске қосылады. Бес ауылдық округте – Белағаш, Көкпекті, Тоғызқұдық, Баймырза және Жаңаталапта – барлық қажетті инфрақұрылымы бар жайылым алаңдары пайда болады, деп хабарлайды basagro.kz.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жайлау құру жөніндегі пилоттық жоба туралы өңір басшысының Бұқар Жырау ауданына жұмыс сапары барысында баяндалды.
Жайлауда қашалар жасалады, ветеринариялық іс-шараларға арналған вагондар орнатылады, сумен қамтамасыз етіледі. Аудандық бюджеттен 93 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, пайдаланылмаған жерлерді анықтау жалғасуда.
– Бұқар Жырау ауданы – облысымыздағы ең ірі аудандардың бірі. Онда 58 мың адам тұрады. Жайылымдар мен шабындық алқаптардың жетіспеушілігі барлық жерде байқалады. Аудан тұрғындары бұл мәселені үнемі көтеріп келеді. Сонымен қатар, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша сапалы жұмыс жүргізу қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Ауданда су құбыры желілерін жөндеу жалғасады. Суықсу, Төрткөл, Семізбұға және Үлгі ауылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталады.
Жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту бойынша көптеген жоспарлар бар. Ауданның 15 елді мекенінде 50 км кірме жолдар мен кентішілік жолдарды жөндеуге ақша бөлінді.
Бұқар Жырау ауданы бойынша жұмыс сапары барысында өңір басшысы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Олардың ішінде Ботақара кентіндегі Юрий Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп бар.
1976 жылғы ғимарат жөнделуі керек. Мектеп басшысы Сағыныш Төлеуханованың айтуынша, барлық желілер ауыстыруды қажет етеді және іргелес аумақты абаттандыру қажет.
Аудан әкімі Нүркен Қобжанов білім беру ұйымдарында жоспарланған құрылыс жұмыстары мен жөндеу жұмыстары туралы айтып берді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша биыл Доскөй, Үштөбе ауылдары және Нұра станциясында 300 орындық оқу орындары салынады. Новостройка ауылында 150 орындық мектептің құрылысы аяқталады. Доскөй ауылының орта мектебінде және Ботақара кентінің «Балдәурен» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, облыс әкімі «Руханият» қосымша білім беру орталығында болып, оқушыларға арналған технопарктің жұмысымен танысты.
Аймақ басшысы Доскей ауылындағы үш иесіз қалғкн бес қабатты үйді аралап көрді. Олардың екеуін күрделі жөндеуге мемлекеттік сараптама қорытындысы бар ЖСҚ дайын. Тағы бір үйге ЖСҚ әзірленуде. 90 пәтер қалпына келтіріледі.
Облыс әкімі Ғабиден Мұстафин кентінде де болды. Оған екі нысанның құрылысы туралы баяндалды.
Бұл ДСК және Нұра өзені арқылы өтетін көпір. Жаңа көпір Теміртауға дейінгі қашықтықты бірнеше есеге – 11 км-ге дейін қысқартады.
Облыс басшысы аудан әкіміне құрылысты бақылауға алуды тапсырды. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын кешенді түрде жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Жоба аясында бір ауылды толықтай абаттандыру керек.