ЖаңалықтарИнфографика

Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өндірушілер үшін сауда стратегиясы бойынша ұсынымдар 29.09.2025

Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.

Астық дақылдары

Нарыққа қатысушылардың болжамы бойынша, экспорттық баға көтерілмейді, ал ішкі нарықтағы сатып алу бағасы сәл төмендейді – «демек біз де экспортта өтімді боламыз».

Респонденттер бидайдың мол өнім береріне үміт артып отыр.

Кейбір трейдерлер жиын-терімнің аяқталуын, сонымен бірге бағаның тұрақтануын күтіп сатып алуды жүргізбей отыр.

тг/кг, ҚҚС-пен,  элеватордан Ағымдағы орташа баға (элеватор) Өзгерістер Ұсынымдар Ең жоғары Ең төменгі
жұмсақ бидай 3 кл, 28 клк + 117 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 145
жұмсақ бидай 3 кл, 25 клк дейін 94 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 100
жұмсақ бидай 3 кл ,23 клк дейін 85 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 95
жұмсақ бидай 4 кл, 20 клк дейін 79 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 92
жұмсақ бидай 5 кл, 17 клк дейін 68 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 84
арпа 2 кл 79 -2 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 90
Қатты бидай (прот 14+) 94 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 110
Қатты бидай(прот 15+) 107 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 130 90

Түсіндірме: Қызылмен – апта ішіндегі төмендеу, жасылмен – өсу. Барлық бағалар жаңа өнімге қатысты.

Майлы/Бұршақ

Майлы дақылдар тобында күнбағыс бағасы төмендеді.

Солтүстік өңірлерде ауыщ шаруашылығы өндірушілері қызыл жасымық үшін шамамен 170 мың теңге/тонна, ал бұршақ үшін 100 тыс. теңге/тонна (ҚҚС-пен) сұрап отыр.

тг/кг, ҚҚС-пен,  элеватордан Ағымдағы баға Өзгерістер Ұсынымдар Ең жоғары Ең төменгі
зығыр 244 САТУ 310
Рапс 233 САТУ 250
Күнбағыс 230 -6 САТУ 260
Сафлор 164 САТУ 230
Соя 214 САТУ 225
Қыша қара/ақ САТУ
Бұршақ (сары)* 100 САТУ 145
Жасымық қызыл** 165 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 265
Жасымық жасыл (ірі тар) ** 260 ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ 450

– солтүстік аймақтарда премиум сапада
** – ҚҚС-сыз. курсивпен көрсетілген – жаңа өнім.

Түсіндірме:

Ағымдағы баға –  келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда ҚҚС қоса есептегенде Қазақстан ішіндегі орташа межеленген бағалар.  Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым тиімді бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.

Ең жоғары — бұл аталған брошюра авторларының ағымдағы сауда маусымында  жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Ең төменгі  — бұл ағымдағы маусымда қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button