Елде бензин мен дизель отыны бағасы өседі
Қасым-Жомарт Тоқаев бензин мен дизель отыны тарифтерін көтеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды basagro.kz.
Оның айтуынша, мұндай өсімнен түскен қаражат делдалдардың кірісін арттыруға емес, жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға бағытталуы керек.
«Жанар-жағармайдың бағасын көтеру мәселесіне де дәл осылай қараған жөн. Түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қажет. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек.
Сондықтан Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекетке төленетін салықты арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс.
Жалпы, тариф саясаты бойынша Үкіметке тауарлар мен қызметтерді реттейтін «тұтынудың әлеуметтік нормасын» енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл – халықаралық тәжірибе», — деді Президент.