Жаңалықтар

Эпизоотия ошағы отандық әзірлеменің арқасында жойылды

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында жылқыларда эпизоотиялық лимфангиттің тіркелуіне байланысты енгізілген карантиндік шектеулер ресми түрде алынып тасталды.

Ауру ошағын жою барлық тиісті құрылымдардың: Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ғылыми мекемелердің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі болды.

Комитет жетекшілігімен аулаларды тұрақты түрде дезинфекциялау, табындарға клиникалық тексеру жүргізу сияқты жаңа жағдайларды дер кезінде анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

Эпизоотияны жоюдағы шешуші фактор – «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдары әзірлеген отандық эпизоотиялық лимфангитке қарсы вакцинаны дайындау және қолдану болды.

2025 жылдың мамыр–шілде айлары аралығында жергілікті бюджет есебінен 2 494 жылқыға жаппай вакцинация және ревакцинация жүргізілді. Жаңа препаратты қолдану инфекция ошағын оқшаулауға, жануарларда тұрақты иммунитет қалыптастыруға, аудандағы эпизоотиялық ахуалды қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Комитет эпизоотиялық жағдайға мониторинг жүргізуді, сондай-ақ жануарлардың денсаулығын қорғауға, аса қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмауға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыруды жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button