Жаңалықтар

Ірі агрохолдинг басшысы жаңа партия құрды

«Olzha Agro» ірі отандық агрохолдингінің басшысы Айдарбек Қожаназаров «Respublica» атты жаңа саяси партиясының құрылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды basagro.kz.

Бұл туралы кәсіпкер өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО -ң бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз — еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі — ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті», — деп жазды Қожаназаров.

Бизнесмен партияны жалғыз өзі басқармайды. Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шөкижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев тең төрағалар болды.

«Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын! Алға, Отандастарым! Алға, Respublica!», — жазды кәсіпкер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aidarbek Khojanazarov (@a1darbek)

Басқа жаңалықтар

Back to top button