Жаңалықтар
Тренд

Жайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік инспекциялары тұрақты түрде балықтар мен олардың шабақтарын құтқару іс-шараларын жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылдың басынан бері Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы су айдындарында көксерке, мөңке, тұқы, шортан, табан, лақа, сом секілді түрлі балық түрлерінің 34,5 млн-нан астам шабағы құтқарылып, табиғи мекеніне жіберілді.

Іс-шараларға балық инспекциясы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы субъектілері, әскери қызметшілер, «Қазводхоз» РМК өкілдері, сондай-ақ еріктілерді қоса алғанда 650-ден астам адам қатысты. Барлығы 136 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, Атырау–Доссор және Атырау–Астрахань бағытындағы жолдар бойындағы су айдындарының балық қырылу қаупі жоғары учаскелерінде «Тілекші» ЖШС қызметкерлері инспекцияның бақылауымен шабақты құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Өңірде әлі де балық қырылуы мен су тайыздану қаупі бар су айдындары бар, онда су биоресурстарын сақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мәселе Комитет пен оның бассейндік инспекцияларының тұрақты бақылауында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button