Жаңалықтар

Жамбылда құс етін өңдейтін фабрика ашылады

Жамбыл облысында тауық еті мен жұмыртқа өндірісі кеңейтіледі. Жамбыл және Байзақ аудандарында жаңа құс фабрикалары салынуда, деп хабарлайды basagro.kz.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Алел Агро» АҚ қатысуымен өткен жиында құс етін өңдейтін фабрика мен жем зауыты құрылысының жобасы, жер телімдерін бөлуге қатысты мәселелер талқыланды. Фабриканың жобалық қуаты – жылына 49500 тонна құс етін өндіру. Бүгінде Байзақ ауданында қуаттылығы сағатына 20 тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылған.

Сондай-ақ, компания келісімшарттық негіздегі шаруашылықты да дамытуды көздеп отыр.

— Біздің ортақ мақсатымыз – құс кластерін қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыру, — деді Нұржан Нұржігітов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button