Жанар-жағармайдың қымбаттауы бағаларға әсер етеді – Ербол Тасжүреков
Жанар-жағармайдың қымбаттауы агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына әсер етеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты, деп хабарлайды basagro.kz.
«Сараптамалық бағалау бойынша жанар-жағармай бағасының 20%-ға өсуі түпкілікті ауыл шаруашылығы өнімі бағасының 2-5% өсуіне әкелуі мүмкін. Бірақ, қазір көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармайдың қажетті көлемі қарастырылғанын айту маңызды. Бұл 413 мың тонна жанармай, өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық және бағасы нарықтық бағадан 20%-ға төмен. Сондықтан, жанар-жағармай бағасының, атап айтқанда дизель отынының қазіргі қымбаттауы жақын арада бағаларға әсер етпейді», — деді шенеунік.
Еске салайық, Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов 12 сәуірден бастап Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы өсетінін мәлімдеді.