Жаңалықтар

Йодталған тұз экспорты 81,4%-ға өсті

Былтырғы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 288,1 мың тонна йодталған тұз өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9%-ға көп, деп хабарлайды basagro.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өндірістің өсуімен экспорт көлемі де өсті. Мәселен, өткен жылдың 11 айында 248 мың тонна тұз экспортталса, 2021 жылы 136,7 мың тонна тұз сыртқа шығарылған. Осылайша, өсім 81,4%-ды құрады.

Бұл ретте сырттан 28,8 мың тонна тұз импортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға аз. Өзге елден әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 9,1%.

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта йодталған тұздың 68,9 мың тонна сатылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button