Жаңалықтар

Жыл соңына дейін кемінде 5 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылады

2023 жылы бидай өндіру, мал азығын өндіру және ІҚМ өнімділігін арттыру, ара шаруашылығын дамыту, өсімдік шикізаты, шырғанақ негізінде сиыр сүтін алмастырғыш салаларында 1,1 млрд теңгеден астам сомаға ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру бойынша 6 жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды basagro.kz.

Осы жобалар базасында құзыреттілік орталықтары құрылады: ара шаруашылығы, жоғары сапалы жемшөп дақылдарының тұқымдарын өндіру, сондай-ақ жаздық бидайдың жаңа сорттарының бірегей және элиталық тұқымдарын өндіру көзделеді. АӨК субъектілерінің білімін тарату және құзыретін арттыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, инновациялардың бірі кәсіпорындар мен ғылыми институттар базасында білімді практикалық қолдануды көрсете отырып, демо-алаңдар құру болмақ.

Екі аграрлық университет –  Қазақ ұлттық аграрлық университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне зерттеу университеттері мәртебесі берілгенінің арқасында «ғылым-білім-өндіріс» интеграциясы мен тығыз өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс бастады», – деді министр.

ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларына, ірі тауар өндірушілер мен университеттерге жәрдемдесу тетігін енгізу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары әзірленді, қазір жоспар келісіліп жатыр. Ондағы негізгі мәселелер:  2027 жылы отандық селекция тұқымымен егілген елдің егіс алқаптарының үлесін 51% – дан 77% – ға дейін ұлғайту; ғылыми және тұқым өсіру ұйымдарын селекциялық техникамен жаңарту; тұқым материалының сапасын бақылау және оны сертификаттау жөніндегі бірыңғай мамандандырылған орган құру; тұқымдар мен отырғызу материалын қадағалаудың ақпараттық жүйесін құру болып табылады. Елдің UPOV өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылуы жоспарланған, бұл отандық селекционерлердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл шаралар елімізде селекция мен тұқым шаруашылығының заманауи жүйесін құруға, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

«Wintersteiger AG» және «PETKUS Technologie» ірі тұқым тазалау және тұқым өсіру техникасын өндірушілермен қазақстандық шаруалардың техниканы тиімді шарттармен алуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», — деді АШМ басшысы.

Пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыс жалғасады, жыл соңына дейін кемінде 5 млн га мемлекет меншігіне қайтарылады.

Ербол Қарашөкеев өз соңында субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлады.

Айта кету керек, биылғы жылдан бастап барлық субсидиялар жалпы сипаттағы трансферттермен жергілікті бюджеттер базасына берілді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын, заманауи қажеттіліктердің өзгеруін ескере отырып, АӨК-ті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы, осы жүйелі шараларды қабылдау алдағы кезеңге республиканың ауыл шаруашылығын дамытудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, деп қорытындылады АШМ басшысы.

Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында ҰАҒБО құрылымын кезең-кезеңімен реформалау және оңтайландыру мәселесі пысықталып жатқанын атап өткен жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button