Жаңалықтар

Қазақстанда жылына 370 тоннадан астам сүт өндірілетін болады

Открытый источникҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығы саласына инвестиция көлемінің ұлғаюы туралы айтты, деп хабарлайды Basagro.kz

«Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. Өткен жылы мал шаруашылығына инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 67% — ға артып, 117,5 млрд теңгеге жетті. Барлығы 102 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл ретте инвестициялардың ең үлкен көлемі сүт-тауар фермаларының құрылысына тиесілі. 2022 жылы қуаттылығы 52,4 мың тонна сүтті құрайтын 36 МТФ іске қосылды», — деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жалпы қуаттылығы жылына 41,9 мың тонна құс етін құрайтын ет бағытындағы құс фабрикаларын салу бойынша 7 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.

«Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен өндірістік қуаты жылына 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 МТФ құруға 100 млрд теңге бөлінді, бұл елдің импортқа тәуелділігін 39% — дан 11% — ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деп толықтырды министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button