Жаңалықтар

Қазақстандықтар ауыл шаруашылығы мақсатындағы тегін жер учаскесін ала алады

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12 гектар жер учаскесі Қазақстанның алты қаласының тұрғындарына қолжетімді. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Basagro.kz

Фото: ашық ақпарат көзі

«Бүгінгі күні қолданыстағы заңнамаға сәйкес бау — бақша және саяжай серіктестіктерін орналастыру үшін жер учаскелері қалалардың маңындағы аймағының бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден және қордан, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің жерлерінен берілуі тиіс», — деп жазды Роман Скляр.

Вице-премьердің айтуынша, қала маңындағы аймақ алты қала бойынша бекітілген: Астана, Алматы, Ақтау, Тараз, Орал және Петропавл.

«Қазақстан азаматтарына бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін жеке меншікке тегін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, ауылдық елді мекендерден және қордан 12 гектар жер беріледі. Көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерін қайтадан тегін беруге жол берілмейді (жер кодексінің 50-бабы 2-тармағының 3-тармақшасы, 102-бабының 3-тармағы). Бұл құқықты көпбалалы отбасылар да, азаматтардың басқа да санаттары пайдалана алады», — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button