Жаңалықтар
Trending

Айдарбек Сапаров агробизнестің жағдайын жақсарту бағытында қабылданған 10 шараны атап өтті

18 шілдеде Ақмола облысындағы қазақстандық Jana Dala/Green Day егістік күні алаңында ауыл шаруашылығы министрі шаруалар алдында сөз сөйлеп, кеңеске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

«Біздің алдымызда 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есеге ұлғайту бойынша ортақ міндет тұр. Бұл жай ғана кезекті көрсеткіш емес, бұл қажеттілік, өйткені уақыт шындығын ескере отырып, біз дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтап, жаңа нарықтарға шығу үшін өндіріс шығындарын азайтуымыз керек. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының өсімін өткен жылмен салыстырғанда 11,6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету қажет», — деді министр.

Одан соң Айдарбек Сапаров АӨК жалпы өнімін екі есеге арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін агробизнес үшін жағдайды жақсарту бағытында іске асырылған шараларға қысқаша тоқталды.

Министр бірінші шара көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту деп атады, оның көлемі 2024 жылы үш есеге ұлғайған. «Өздеріңіз білетіндей, жеткіліксіз қаржыландыру әрқашан Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі проблемасы болып саналады. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге жеңілдікті несиелендіру көлемі алғаш рет жылдық «таза» 5 пайызбен 580 миллиард теңгеге дейін арттырылды. Естеріңізде болса, өткен жылдары бұл көлем 180 миллиард теңгеден аспаған болатын.  Бүгінгі таңда 304 млрд теңге игерілді. Қалған қаржыны егін жинау жұмыстарына жұмсауға болады», — деп баса айтқан министр диқандарды жеңілдікті несие арқылы шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға шақырды.

Екінші шара ретінде министр фермерлердің жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру деп атады. Мұнда ӘКК арқылы қарыз алу мүмкіндігін атап өтті: «ӘКК арқылы несие беру фермерлер үшін қолжетімділігімен және оңтайлы талаптарымен ерекшеленеді, оның ішінде кепілдікті қамтамасыз ету бойынша. Облыстарды ӘКК арқылы қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз «.

Тағы бір шара — «Даму» қоры арқылы қарыз сомасының 85% кепілдікті алу мүмкіндігі.

Төртінші шара — агротехнологиялардың деңгейін арттыру үшін жағдай жасау, мысалы, тыңайтқыштар енгізу және элиталық тұқымдарды пайдалану. Айдарбек Сапаров 2024 жылғы наурыздан бастап отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгенін, бұл ретте фермерлер алдын ала арзандатылған тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетінін айтты. Субсидиялар нормасы 50% -дан 60% -ға дейін ұлғайтылды. Тұқым бойынша селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ағымдағы жылы элиталық тұқымдардың үлесі 7,1% -дан 9% -ға дейін өсті.

Министр ең маңызды шаралардың бірі ретінде қарыздарды субсидиялауды, техника лизингін және су беруді жеңілдетуді атады. «Біз фермер үшін мемлекеттік қолдау алу мәселесін барынша жеңілдетуге тырысамыз. Ағымдағы жылдан бастап АӨК субъектілеріне жылдық «таза» 5% -бен кредит беру үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл туралы көп айтылды, себебі субсидиялауға қаражат болмаса, фермерлер 22% және одан жоғары толық мөлшерлеме төлеуге мәжбүр болады. Енді көктемгі егіс жұмыстарына бірден 5% -бен несие алуға мүмкіндік бар».

Алтыншы шара ретінде «ҚазАгроҚаржы» арқылы отандық ауыл шаруашылығы техникасының жылдық «таза» 5% -бен 100 млрд. теңге сомасына жеңілдікті лизинг бағдарламасы іске қосылды.

Сол қағида бойынша сумен жабдықтау шығындарын өтеу тікелей су берушілерге төленетін болады.

Сегізінші шара — суды үнемдеу технологияларын ынталандыру: мұнда жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялық субсидиялау 50% -дан 80% -ға дейін ұлғайтылды.

Агробизнес үшін тоғызыншы маңызды құрал — бұл СҚО тәжірибесі деп аталатын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы. «Бағдарлама жылына қосымша 372 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. 2024 жылдан бастап СТФ, суару, көкөніс сақтау қоймалары мен құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар тағы 8 бағыт қаржыландырылмақ».

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында агроөнеркәсіп кешеніндегі бұрмаланған статистикалық мәліметтерді сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Ұлттық статистика бюросы және облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2 миллион бас мал, 3 миллион тонна сүт есептен шығарылды. Өсімдік шаруашылығында бұл жұмыс биылғы жылдың тамыз айында аяқталады. Тиісті деректер ішкі нарықты реттеу бойынша жоспарлау мен шешім қабылдау сапасын арттырады», — деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Министр нарықтарды ашу және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу үлесін ұлғайту шаралары бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Өңдеуді дамытудың кешенді жоспары қабылданды, онда қаржылық құралдар да қарастырылған. Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп қолданыстағы қуаттарды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда», — деп сөзін түйіндеді Айдарбек Сапаров.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button