Қабылдау барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жер қатынастары, жұмыспен қамту, субсидиялау, инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты мәселелерді қарады, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Түрлі мәселелер бойынша 9 адам қабылданды.
Министр барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ барлық өтініштер мен ұсыныстарды бейінді ведомстволар қадағалайтынына сендірді.
Естеріңізге сала кетейік, министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүргізеді.