Жаңалықтар
Тренд

Айдарбек Сапаров «Қарақоға» фитосанитариялық бақылау бекетінің жұмысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Қарақоға» фитосанитариялық бақылау бекетіне барып, оның жұмысымен танысты.

Сапар барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы әкелу, әкету және транзиттеу кезінде фитосанитариялық және ветеринариялық бақылауды ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу мәселелері қаралды. Министр бекеттің техникалық жабдықталуына, сондай-ақ мамандардың бақылау функцияларын тиімді орындауы үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды.

Карантиндік фитосанитариялық талаптарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларына сәйкес келмейтін өнімдердің әкелінуі мен транзитіне жол бермеу шаралары жеке талқыланды. Айдарбек Сапаров фитосанитариялық және ветеринариялық қызметтердің өткізу пункттерінде тікелей орналасуы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әкелінетін тауарлардың сапасын бақылауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Министр шекарада жұмыс істейтін уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының үйлесімді болуының маңыздылығына тоқталып, карантиндік өнімдерге бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Фитосанитариялық және ветеринариялық бекеттердің тиімді жұмысы – елдің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Біз кез келген тәуекелге жедел әрекет етіп, талаптарға сай келмейтін өнімдердің ел аумағына әкелінуіне жол бермеуіміз керек», – деді Айдарбек Сапаров.

Сапар қорытындысы бойынша министр жауапты қызметтерге Қазақстан Республикасының стандарттарына сай келмейтін өнімдердің елге әкелінуіне жол бермеу жөнінде жедел шаралар қабылдауды және халықтың денсаулығын қорғау мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантиндік өнімдердің қозғалысына бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button