Жаңалықтар

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

«Сапаров Айдарбек Сейпеллұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған қызметінен босатылсын», — делінген президент Жарлығында.

Айдарбек Сапаров1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, АШМ облыстық аумақтық инспекциясының бастығы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button