Жаңалықтар
Ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантема Нидерландыға қайтарылды
ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша МИК аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттерінде карантинге жататын өнімге мемлекеттік карантинге жататын фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында «ақ тот жұқтырған хризантема» (Puccinia horiana) карантинге жататын объектісі анықталды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген.
Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді.
Экспертиза нәтижелері анықталған объект қауіпті карантинге жататын объект екенін растады.
Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды.
Карантинге жататын объект енуі мен таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды.