Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы 100 мың гектардан астам жер өңделді
Ақтөбе облысында италиялық прусқа қарсы 102,4 мың га жер өңделді, деп хабарлайды basagro.kz.
Қазір шегіртке көбеюі байқалып отырған облыстың Ырғыз ауданында 27,5 мың гектар жер өңделді. Шегірткеге қарсы мониторингтік және қорғау іс-шаралары ерекше бақылауда.
Бұған дейін мамандар Ыргыз ауданында 128,7 мың га алаңда үйірлі зиянкестердің таралуын болжаған болатын, оның ішінде италиялық прус – 106,7 мың га және азиялық шегіртке – 21,9 мың га. Жәндіктермен күресу үшін ауданға барлық болжамды алаңға пестицидтер жеткізілді.
Жалпы, бүкіл ел бойынша үйірлі зиянкестерімен күресуге биыл республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді.
Мамандардың деректері бойынша шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін. Бұл жәндіктермен күресу үшін 1,4 млн га аумаққа әртүрлі фитосанитарлық мақсаттағы пестицидтер сатып алынды. Пестицидтердің қолда бар қорын (383,5 мың га) ескере отырып, өңдеу алаңы 1,77 млн га дейін жеткізілетін болады.
Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.
Мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылып отыр.
Қазіргі уақытта италиялық прусқа қарсы қорғаныс іс-шаралары Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында өткізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 248,4 мың га өңделді.
Атырау және Қызылорда өңірлерінде азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс іс-шаралары басталып, 4,4 мың га өңделді.
Жамбыл облысында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу толығымен аяқталды. Түркістан өңірінде қорғаныс іс-шаралары аяқталуға жақын. Өңделген алаң 78,4 мың га құрады.
Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстан АШМ мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісті.