АШМ исламдық қаржыландыру тәсілдерін зерттеп, оны жүзеге асырады
АШМ министрі Ербол Қарашөкеевтің басшылығымен исламдық қаржыландыруды басымдықпен зерделеп, осы саланың нарыққа шығуы туралы айтылды. Бұл шешім отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін қосымша қаржыландыру көздерін тарту мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Basagro.kz
Фото: ашық ақпарат көзі
«Аграрлық секторды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау қажет. Саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдаудың маңызы зор, отандық жеке сектордың әлеуетін ашу үшін тікелей шетелдік инвестициялар бірдей маңызды рөл атқарады. Сіздердің назарларыңызды тек мұсылман елдері арасында ғана емес, исламдық қаржылық қатынастарға деген қызығушылықтың үнемі өсіп келе жатқан тенденциясына аударғым келеді», — деді Ербол Қарашөкеев Сыртқы істер министрлігінде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы ұйымдастырған семинарда.
Сондай-ақ, ведомство басшысы министрлік Ислам Ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі барлық маңызды бастамаларын қолдауға дайын екенін айтты.
«Қазақстан үшін исламдық қаржыландыру нарығына шығу аграрлық секторға қаржыландыруды тартуда қосымша перспектива болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанда исламдық қаржыландыру тәсілдерін зерделеу және тәжірибені жандандыру қажет. Ол сукук капиталын тартудың және инвестициялық қызметті қаржыландырудың маңызды құралын қамтиды», — деп қосты спикер.