4122
Каспий теңізінде шаяндардың жаппай қырылуы тіркелген болатын. Осы мәселеге қатысты бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме берді.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе)қырылуы анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарланғанын мәлімдейміз», — делінген хабарламада.
Осыған орай шұғыл түрде Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірге шаяндардың болжамды қырылу орнына барды.
Ауа-райына байланысты (дауыл, лай су) шаяндардың қырылған жерін көзбен анықтау мүмкін болмады, — деп хабарлады АШМ.
Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды. Эколог мамандардың айтуынша, мониторинг жалғасады, ақпарат дауыл аяқталғаннан кейін қосымша тексерілетін болады.