Жаңалықтар
Trending

«Ауыл аманаты»: Кәсіпкер Қамбар ата түлігін қолға алды

Абай облысы Аягөз ауданы Өркен ауылының тұрғыны Шағат Екеев «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5%-бен берілетін жеңілдетілген несие алып, жеке шаруашылығын дамытуда, деп хабарлайды BasAgro.kz.

«Ауыл аманаты» жобасы – ауылдағы ағайынға берілген зор мүмкіндік. Жоба аясында 4 600 000 теңге көлемінде несие алып, ата кәсіпті, яғни жылқы өсіруді қолға алдым. Қазір 11 бас жылқым бар. Бұрын арман болып көрінген шаруаны енді нақты жүзеге асырып отырмын. Осындай қолдау көрсетілгеніне алғысым шексіз. Мұндай жобалар арқылы ауылымыз көркейіп келеді. Ең бастысы – туған жерде тұрақты табысқа кенеліп, бала-шаға несібесін ауылдан тауып отырмыз», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button