Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қаулысын орындау аясында 2025 жылғы 22 мамырда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жетісу облысының халқымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін қабылданатын шаралар, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері.

Кездесу сағат 16.20-да Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы, Е.Жағыпаров, 1 көшесі, «Коктал Агро» ЖШС мекенжайы бойынша өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Телефон арқылы қосымша ақпарат: +7 775 837 8519 — Әсия Нұрпейісова.

Министрлікте өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: kadrinova.as@minagri.gov.kz.

Басқа жаңалықтар

Back to top button