Жаңалықтар
Trending

Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысының халқымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 18 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде — өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған шаралар және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қарастырылады.

Кездесу сағат 15:00-де Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара ауылы, Қазбек би көшесі, 52В мекенжайында орналасқан Мәдениет үйінде өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 837 8519 — Асия Нұрпейісова.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарыңызды келесі электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз: kadrinova.as@minagri.gov.kz.

Басқа жаңалықтар

Back to top button