
2026 жылғы 2 сәуір орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице — министрі Аманғали Бердалин Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар» талқыланады.
Кездесу сағат 15:00-да Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 25, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғимаратында өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін тел.: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.



