БАӘ Қарағанды өндірісінің бие сүтін сатып алуды жоспарлап отыр
Қарағанды облысында неміс технологиясы бойынша бірегей өнім – мұздатылған кептірілген бие сүті шығарылады. Өнімдер тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де белгілі, деп хабарлайды basagro.kz.
Осакаров ауданының Жансары ауылдық округіндегі ферма өндірісті ұлғайтуда.
Жаңа өткізу нарықтары игерілуде, Дубайға жеткізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданына жұмыс сапары барысында агроөнеркәсіп қызметімен танысты.
– Біздің фермада қазақ тұқымды жылқылар бар.
Мал саны 1500-ден 2300-ге дейін өсті. Биылғы жылы мұздатылған кептірілген бие сүтін өндіруді 6-дан 10 мың тоннаға дейін арттырамыз. Сату нарығы да кеңейіп келеді. Қазір Дубайда сатып алушымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиади. – Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын дамытамыз. Биыл 12 мың гектар жер егілді, жаңа заманауи техника сатып алынды. Келесі жылы егіс алқаптарын 15 мың гектарға дейін ұлғайтуды және суармалы жерлерді дамыту бағдарламасын бастауды жоспарлап отырмыз. Инвестициялар шамамен 2,5 млрд теңгені құрайды.
Кәсіпорында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Өндірісті дамыту жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.
Фермада биелерді сауу процесі көрсетілді. Барлығы автоматтандырылған.
Сауғаннан кейін бірден сүт өңдеуге жөнелтіледі. Осылайша барлық пайдалы қасиеттер сақталады.
Кәсіпорынға барған кезде Ермағанбет Бөлекпаев жаңа техниканы аралап, фермерлермен сөйлесті
Биыл Осакаров ауданында астық және картоп алқаптары ұлғайды. Барлығы 444 мың га егілді.