Биыл 1,5 млн га суармалы жерді өңдеу жоспарлануда
Ағымдағы жылы 1,5 млн га суармалы жерді өңдеу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды basagro.kz.
«Облыс әкімдіктерінің алдын ала деректеріне сәйкес, биыл 1,5 млн га суармалы жерді өңдеу жоспарлануда, бұл ретте егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін түпкілікті алаңдар нақтыланатын болады», — деді министр.
Оның айтуынша, 1 млн 126 мың га немесе жердің 75% ойық әдіспен суарылады, 95,2 мың га – күріш алқаптарын су басу, 278,6 мың га-ға немесе 13,3% — ға заманауи тамшылатып немесе жаңбырлатып суару қолданылады.
«Мұнда су үнемдеу технологияларын қолданудың жоғары пайызы байқалатын Павлодар (25%), Жамбыл (18%), Түркістан (11%), Қарағанды (8,5%), Ақмола (7%), Ақтөбе (6,7%), Алматы (6,5%) облыстарын атап өту қажет», — деп қосты Қарашөкеев.