ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Gulfood 2025 көрмесіне қатысуда.
Делегация мүшелері Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен өсімдік өнімдерін әлеуетті сатып алушылармен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ дистрибьюторлармен, бөлшек саудагерлермен және трейдерлермен келіссөздер жүргізді.
Серіктестер тарапынан жоғары қызығушылық жеткізушілерді әртараптандыруға деген ұмтылысымен және Қазақстан өнімдерінің сапасымен, олардың жақсарту үшін үлкен әлеуеті бар екенімен түсіндіріледі.
Айта кетейік, нарықтарды кеңейту мәселесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін басым мәселелердің бірі болып қала береді. Мемлекет басшысының дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру және әртүрлі елдердің талаптарына бейімделген жеткізудің икемді схемаларын құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Gulfood 129 елден 5,5 мыңнан астам компания және әлемнің 185 елінен 130 мыңнан астам келушілер қатысатын маңызды халықаралық платформа болып табылады. Олардың қатарында Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, бірқатар Азия елдері мен Еуропаның өндірушілері мен сатып алушылары бар.
2026 жылы қазақстандық өндірушілер 26-30 қаңтар аралығында екі алаңда: Дубайдың Дүниежүзілік сауда орталығында (DWTC) және Expo City-дегі Дубайдың жаңа Көрме орталығында (DEC) өтетін Gulfood көрмесіне қатысады.