Жаңалықтар

ЕЭК теміржол көлік шығыстарын есепке алу тәртібін нақтылады

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа темір жол арқылы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін көлік шығыстарын есепке алу тәртібін нақтылады, деп хабарлайды basagro.kz.

«Мұндай тауарлар үшін одақтың кедендік шекарасына дейін есептелген көлік шығыстары кедендік құнға енгізілетіні айқындалды», — делінген хабарламада.

Шешім бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары негізінде ЕАЭО-да құқық қолдану практикасын талдау нәтижелері бойынша қабылданды.

«Бұл кәсіпкерлер мен теміржолдарға кез келген жағдайда әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізілуі тиіс көлік шығыстарының сомасын біржақты анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл тауарларды теміржол көлігімен тасымалдау шығындарын кедендік құнға қосу бойынша даулы жағдайларды жоюға көмектеседі»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button