Жаңалықтар

Елімізде ауыл тұрғындары бизнесті дамытуға 2,5%-бен несие ала алады

Ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% — бен шағын несие беріледі. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды basagro.kz.

«Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5% — бен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер берілетін болады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа сервистік-өткізу қызметтерін көрсету үшін құрылатын болады, олар жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидияларға қол жеткізетін болады. Бұл мақсаттарға шамамен 1 трлн теңге бағытталады», — деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button