Жаңалықтар

Еңбек адамы

Сіздердің назарларыңызға Григорий Алексеевич Селивановты ұсынамыз.

Григорий Алексеевич 76 жаста, оның 49 жылдық өмірі ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты.

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін «Березовское» шаруа қожалығын басқармас бұрын, ол еңбек жолында көптеген қиындықтарды еңсерді: экспедитор, жем цехының меңгерушісі, МТМ механигі, партия комитетінің хатшысы, сондай-ақ Калинин атындағы колхоздың ең ірі шаруашылықтарының бірінің төрағасы болды.

Көп жылдық еңбегінің нәтижесінде Григорий Алексеевич өз ісін жетік меңгерген, жұмыс барысын тиімді ұйымдастыра алатын және еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін білікті басшы ретінде танылды. Оның мол тәжірибесі мен терең білімі түрлі мәселелерді шешуде тың әрі оңтайлы жолдарды табуға көмектеседі.

Григорий Селиванов үлкен беделге ие, жинақтаған білімі мен тәжірибесін жастарға үйретуден жалықпайды.

Ол – «Ауданның құрметті азаматы», сондай-ақ мемлекеттік марапаттардың, құрмет грамоталарының және түрлі мемлекеттік әрі қоғамдық ұйымдардың алғыс хаттарының иегері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button