Фермерлер азық-түлік келісімшарт корпорациясы тарапынан 2 есе жоғары қаржыға қол жеткізді
Биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан көктемгі егістік жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды. Егістік барысы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың жіті бақылауында болды, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Егіс науқанының сәтті жүзеге асуына фермерлердің үйлесімді жұмысы, қажетті ресурстармен, соның ішінде қаржымен дер кезінде қамтамасыз етілуі ерекше ықпал етті.
Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландыруды екі есеге арттырды.
Биіл көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 40 млрд теңге бөлінді. 2024 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдердің көпшілігі дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары сияқты негізгі астық өсіретін өңірлерден түсті. Жалпы саны 440 өтінім мақұлданды.