Жаңалықтар
Ішкі нарық азық-түліктің 24 түрі бойынша 80-100% қамтамасыз етілген
10 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100% және одан да көп (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз) қамтамасыз етілген, деп хабарлайды BasAgro.kz.
14 азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету — 80% және одан көп (тауық жұмыртқасы, қияр, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, шошқа еті, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, сары май және алма).