Жаңалықтар

Жайық-Каспий бассейнінде 116 млн-нан астам балық құтқарылды

Биылғы жылдың көктемінде Жайық-Каспий бассейнінің су қоймаларында су деңгейі жоғары болды. Тасқын кезінде өзендер тасып, сумен бірге жайылым аймағына уылдырық шашып болған балықтар мен олардың шабақтары көшіп кетті, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Жайық-Каспий өзендерінің облыс аралық бассейндік инспекциясы Жайық өзенінің негізгі арнасындағы су деңгейі төмендегеннен кейін пайда болған шығанақтардан балықтар мен олардың шабақтары өту үшін каналдар қазу арқылы балық шаруашылығын жақсарту шараларын ұйымдастырды.

2024 жылдың маусым айының басынан бастап бөлініп қалған су қоймаларынан 116 млн-нан астам балықтар мен олардың шабақтары құтқарылды, оның ішінде Атырау облысында 91 млн-нан астам, Батыс Қазақстан облысында 25,3 млн.

Орташа салмағы 12-14 грамм болатын сазан, алабұға, шортан, қарабалық шабақтары құтқарылды және кейіннен Жайық пен Қиғаш өзендеріне тірідей жіберілді.

Жайық-Каспий бассейнінің су қоймаларынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button