Жаңалықтар
Жамбыл облысында тауық көңінен органикалық тыңайтқыштар өндіру жобасы іске асырылуда
«Кемер Агро» ЖШС өңірде тауық көңінен және қой жүнін қосу арқылы органикалық тыңайтқыштар өндіру жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның құны 221 миллион теңгені құрайды және ол СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында ішінара қаржыландырылған.
Өндірістік қуаты – жылына 6 000 тонна тыңайтқыш.
Жаңа кәсіпорынның өнімі өңірде органикалық егіншілікті дамытуға ықпал етеді, бұл тұрақты ауыл шаруашылығына жасалған маңызды қадам болып табылады.