ЖаңалықтарСұхбат
Тренд

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба), реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.

Бiрлестiктер мен ұйымдар аккредиттеуге қатыса алады.

Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аккредиттеу алу үшін өтініш беруші Министрлікке электрондық нысанда:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;

2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші Министрлікте аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

Сонымен қатар, Министрлікте аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынатынын хабарлаймыз.

Аккредиттеу алу үшін құжаттардың толық пакетін kadrinova.as@minagri.gov.kz почтасына ұсыну қажет.

Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 4 наурыздан 18 наурызға дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 555-924

Өтініш нысаны

Басқа жаңалықтар

Back to top button