Жаңалықтар

Көрші елдердің шекаралас аймақтарынан шегірткенің таралу қаупі сақталады

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтары бұрынғысынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында қала бермек.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларының тиімділігінің төмендеуіне жол бермеу және Қазақстанда тұрақты фитосанитарлық жағдайды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясына шекаралық аумақта шегіртке зиянкестерінің таралуы болдырмас үшін шегірткелерге қарсы бақылауды күшейту қажеттігі туралы хат жолдады.

Жағдай вице-премьер Серік Жұманғариннің жіті бақылауында, Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және Ресейдің өнеркәсіп департаменті бірлескен қарсы шаралар әзірленуде.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен РФ Премьер-Министрінің орынбасары Дмитрий Патрушевтің, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Луттың шекарада шегірткенің таралу қаупіне қатысты келіссөздері нәтижесінде Ресей тарапынан шараларды күшейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарындағы қаупі жоғары аймақтардан ұшып келетін шегіртке үйірлерінің көші-қон жолдары Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданы, сондай-ақ Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары өтеді.

18 маусымда Ақтөбе облысына Орынбор облысы маңынан шегіртке зиянкестерінің ұшуып келуі тіркелді.

Осыған орай, Әйтеке би ауданында химиялық өңдеуге жоспарланған 307 мың гектар аумақтың қорғау шаралары күшейтіліп, 62 мың гектарында жұмыстар аяқталды. Қажет болған жағдайда қосымша техника жіберу мүмкіндігі бар.

Өңірге іс-қимылды үйлестіру үшін вице-министр Ермек Кенжеханұлы жіберілді. Әйтеке би ауданында Орынбор облысының вице-губернаторының қатысуымен шегіртке зиянкестерімен күрес бойынша бірлескен жұмыс мәселелері бойынша жедел кеңес өтеді.

Қазір Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ұлытау өңірінде жұмыс сапарымен жүр, одан кейін жұмыс барысын бақылау үшін Ақтөбе облысына барады.

Айта кетейік, Қазақстанда 19 маусымдағы жағдай бойынша өңдеу жұмыстары жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Химиялық өңдеу 1,5 млн га аумақта жүргізілді, оның ішінде Қостанай облысында 240 мың га, Ақтөбе облысында 469,8 мың га.

Шекарадағы тағы 8 аймақта да қорғаныс шаралары жалғасуда. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 93 мың гектар, Атырау облысында 70 мың гектар, Абай ауданында 33 мың гектар, т.б.

Аумақтарда мониторингтік зерттеулер шаралары әлі де жүріп жатыр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button