Жаңалықтар
Күнбағыс майының экспорты 2,5 есе өсті
2022 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстанда 488 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,6%-ға артық, деп хабарлайды basagro.kz ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросыны сілтеме жасап.
Өндірістің өсуімен экспорт көлемі де өсті. Мәселен, өткен жылдың 11 айында экспортқа 202,5 мың тонна күнбағыс майы жіберілген, ал 2021 жылы 81,6 мың тонна экспортталған. Осылайша, өсім бірден 2,5 есені құрады.
Сонымен қатар, 94 мың тонна май импортталды, бұл да 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы 16,2% болды.
Айта кетейік, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 379,4 мың тонна күнбағыс майы сатылды.