Жаңалықтар
Trending

Парламент Мәжілісі ТМД-да биоматериал алмасу туралы шартты ратификациялауды мақұлдады

Вице-министр Амангалий Бердалин келісімді ратификациялау аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын бірлесіп сәйкестендіруде, микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын толықтыруда және уақтылы ветеринариялық шаралар қабылдауда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ветеринариялық қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тараптардың сұрау салуы бойынша келісімде эпизоотиялық жағдайды және ғылыми мүдделерді ескере отырып, аккредиттелген және референттік зертханаларда биологиялық материалға зертханалық зерттеулер жүргізу көзделген.

Осы зерттеулердің негізінде вакцина, дәрілік препараттарды, жануарлар ауруларын диагностикалау және емдеу құралдарын әзірлеу жоспарлануда. Олар сондай-ақ бейінді мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға ықпал ететін болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button