Қазақстан: «Астық Транс» Орталық Азия елдеріне астық тасымалдау тарифтерін төмендетеді
Қазақстандағы астық тасымалдаушылардың ірі операторы «Астық Транс» компаниясы бірқатар бағыттар бойынша астық тасымалдау тарифтерінің төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды BasAgro.kz.
Компанияның баспасөз қызметі нақтылағандай, Орталық Азия елдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан және Иранға астық тасымалдау құны төмендейді. Сонымен қатар, қысқарту импорттық астықты тасымалдау құнына да әсер етеді.
«Астық Транс» түсіндіргендей, ағымдағы маркетингтік жылдың ерекшеліктері қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін қолдау тәсілдерін іздеу бойынша тұрақты жұмысты талап етеді. Биылғы жылы сапасының төмендігі және көршілес елдердің астығымен бәсекелестік жағдайында дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау қажет.
Сондай-ақ компания тасымалдау көлемі мен мерзіміне байланысты жеңілдіктер қолданыла беретінін еске салды.