Жаңалықтар

Қазақстан мен Еурокомиссия ЕО нарықтарына қол жеткізуді кеңейту мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтеді

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, жеткізу географиясын кеңейту және отандық өнімнің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Париждегі Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 92-ші Бас ассамблеясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Еуропалық комиссия өкілдері — директор Бернар Ван Гётем және жануарлар денсаулығы мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Франсис Ревериго Гордехо мырзалармен жұмыс кездесуін өткізді.

Қазақстандық тарап 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанды бал өнімдерін ЕО нарығына экспорттауға рұқсат етілген елдер тізіміне енгізу туралы қабылданған шешім үшін Еурокомиссияға алғыс білдірді. Бұл шешім қазақстандық өндірушілерге ағымдағы маусымда экспорттық жеткізуді бастауға мүмкіндік берді.

Вице-министр Еуропалық комиссияның Денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Бас директоратқа аквакультура өнімдеріндегі қалдықтар бойынша жаңартылған Ұлттық бақылау жоспары мен жылқы етіне қатысты осындай жоспардың өзектендірілген нұсқасы жолданғанын хабарлады және осы құжаттардың өзара нарыққа қол жеткізуді кеңейту мақсатында басым тәртіппен қаралатынына үміт білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button