Жаңалықтар
Trending

Қазақстан ТМД аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада ТМД Парламентаралық ассамблеясының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология саласындағы тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған ТМД мемлекеттерінен: Әзірбайжан , Армения, Беларусь, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларынан парламенттік делегациялардың басшылары қатысты, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Сапар аясында Парламентаралық делегация мүшелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтановпен кездесті.

«ТМД бірлескен шешімдер әзірлеу, ақпарат алмасу және АӨК саласындағы күш-жігерді үйлестіру үшін негізгі алаң болып қала береді. Қазақстан барлық қатысушы мемлекеттердің өзара тиімділігі, теңдігі және мүдделерін ескеру қағидаттарын қолдайды, бұл сындарлы өзара іс-қимылға және интеграцияны кеңейтуге ықпал етеді. Өзінің айтарлықтай аграрлық әлеуетінің арқасында еліміз өңірді сапалы және қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерінде ТМД елдері үшін сенімді серіктес болып қала береді», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Кездесуге қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, АӨК-дегі ТМД елдерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы, халықты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау, АӨК және басқа салалардағы заңнаманы жетілдіру және біріздендіру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ветеринарлық қауіпсіздік, аграрлық сектор үшін кадрлар даярлау және т.б. мәселелер бойынша пікір және ұсыныстармен алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button