Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы тыңайтқыштарды енгізу көлемін 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда 20 наурыз 2025 16:06

2024 жылғы наурызда минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілді. Осы шара шеңберінде бюджеттік субсидиялар отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тыңайтқыштарды арзандатылған құны бойынша сатып алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Бұл механизм фермерлерді қолдап қана қоймай, сұранысқа ие тыңайтқыштар өндірісінің өсуін ынталандыра отырып, қазақстандық зауыттардың өнімдеріне тұрақты сұранысқа ықпал етеді.

Нәтижесінде, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, фермерлер топыраққа 1,3 млн тоннадан астам тыңайтқыш енгізді, бұл 2023 жылғы деңгейден 2 есе артық. 2025 жылы тыңайтқыштарды енгізу көлемін 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұл мақсатқа отандық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту және іске асырылып жатқан бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жеткілікті қаржыландыру есебінен қол жеткізу жоспарлануда.

Шаруаларды қолдау үшін жергілікті бюджеттерде минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 35 млрд теңге қарастырылған, сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 48,4 млрд теңге бөлінген.

Жалпы, көрсетілетін қаржылық қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті көлемде тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізуге ықпал ететін болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button