Инфографика

Қазақстанда 3,1 трлн теңгенің азық-түлік өнімдері өндіріледі

24 маусымда, Мәжілісте мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мен экспорттауды дамыту мәселелері бойынша үкіметтік сағат барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және өнім үлесін шығарылатын шикізаттың 70%-на дейін жеткізу туралы тапсырмасын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту Үкіметтің тұрақты бақылауында.

2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл өткен жылдың қорытындысынан 1,5% -ға артық.

Өткен жылы тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 3,9% -ға өсіп, 151 млрд теңгені құрады.

©gov.kz

2023 жылы экспорт көлемі 5,4 млрд теңгені құрады «, — деді министр.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, сала былтырғы қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан, негізінен өндіріс көлемінің артуы есебінен құлдырауға жол бермеді. Экспорттағы өңделген өнімдердің үлесі 42,6%-ға немесе 2,3 млрд долларға дейін өсті.

Экспортқа шығарылған өңделген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі $187 млн. Бұл өңделген өнім экспортының 8,2 пайызын құрайды. Дегенмен, бұл үлесті арттырудың әлеуеті зор.

Нақты көрсеткіште өңделген сүт 2,9%-ға, сары май 18,6%-ға, ірімшік пен сүзбе 10,5%-ға, салқындатылған ет 9,8%-ға, шұжық өнімдері 0,9%-ға өсті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button