Жаңалықтар

Қазақстанда бір иеленуші үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті мөлшері бекітілді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов шаруа не фермер қожалығын жүргізу үшін бір азаматтың немесе ауыл шаруашылығы/ агроөнеркәсіп өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік емес заңды тұлғаның (шетелдік қатысуынсыз) уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшері бекіту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді, деп хабарлайды basagro.kz.
Құжат, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша үлкен жер учаскелерін бір қолмен жалға алуды болдырмау үшін әзірленіп, қабылданды.
«Жалпы облыстар бойынша заңды тұлғалар үшін алаңдар 51 мың гектардан, ал шаруа қожалықтары үшін – 35 мың гектардан аспайды. Жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi Жер кодексіне сәйкес жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып, сондай-ақ облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарымен айқындалған», — деп жазды М. Теміржанов.
Әрбір облыс үшін есептеу критерийлері ауыл шаруашылығы алқаптарының (егістік, жайылым, шабындық) көлемінен, аймақтық мамандандырудан, табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтарынан, тұратын ауыл және еңбекке қабілетті халық санынан тұрады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button