Жаңалықтар
Trending

Қазақстанда шегірткеге қарсы 1,3 млн гектар жер өңделді

Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу бойынша қорғау шаралары жалғасуда.

17 маусымдағы жағдай бойынша үйір шегірткелердің болжамды 2,5 миллион гектар аймақтың бүгінгі күнге дейін 1,3 миллион гектардан астам аумақ өңделді.

2500-ден астам адам жұмылдырылды, 427 арнайы бүріккіш техника пайдаланылды.

271 мың гектар аумаққа шегірткенің таралуы болжанған Түркістан облысында марокко шегірткелеріне қарсы 348 мың гектарға жуық аумақ өңделді. Өңдеу шаралары аяқталды. Жағдай тұрақты, бірақ шегірткелердің таралу қаупін жою және жаңа ошақтарды анықтау мақсатында Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық инспекцияларының мамандары Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының инспекторларымен бірлесіп жағдайды бақылауда.

Қостанай облысында итальяндық шегіртке мен азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда, 184 мың гектар алқап өңделді. 130 қызметкер жұмылдырылды. 55 техника бірлігі пайдаланылады.

Ақтөбе облысының 12 ауданында итальяндық шегіртке мен азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 432 мың гектарға жуық немесе жоспарланған көлемнің 55 пайызына жүргізілді. 74 техника бірлігі пайдаланылады. Шегірткелердің инкубациялық жерлерін зерттеуге және анықтауға 600-ге жуық адам жұмылдырылды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов осы облыста жұмыс атқаруда.

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 350 мың гектар алқап өңделді.

Өңделетін аумақтар анықталған жағдайда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеу жұмыстары басталады.

Сондай-ақ шекаралас аймақтардан шегірткенің қоныс аудару қаупі бар.

Жүргізілген химиялық өңдеулердің тиімділігін төмендеуіне жол бермеу және тұрақты фитосанитарлық жағдайды сақтау мақсатында көршілес мемлекеттерге Қазақстан Республикасымен шекаралас мемлекеттерге шегірткелердің таралуын бақылауды күшейту шараларын дереу қабылдау туралы хаттар жолданды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дер кезінде қорғауды ұйымдастыру мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.

Шегіртке зиянкестері көп таралған аймақтардың тұрғындарынан шегіртке үйірлерін байқағалған жағдайда дереу аудандық штабқа хабарлауларын сұраймыз.

Сондай-ақ біз азаматтар мен БАҚ өкілдерін дәйексіз ақпаратқа сенбеуге және тек ресми көздерден ақпарат алуға шақырамыз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button