ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «фермадан» «үстелге» принципі бойынша мал шаруашылығы өнімдерін толық қадағалау жобасын жүзеге асыруда
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерінің толық қадағалануын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.
Ауылшаруашылығы жануарларын тексеріссіз союға жол бермеу мақсатында алдымен ветеринариялық тексеруді және союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу үшін ведомство «Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау» модулін әзірледі.
Жүйе сою және ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес-процестерін автоматтандырады, сондай-ақ жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR-кодты қалыптастырады. Бұл QR ет сату орындарында орналастырылады, малдарды ветеринарлық тексерусіз және ұшалар мен ағзаларды сараптамасыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда жоба іске қосылып, барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеуде. Оған 1664 мал сою орны, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1470-тен астам ветеринар, Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген.
QR-код арқылы 117 мыңнан астам ветеринариялық анықтама бланкілері және 438 мың сараптама қорытындысы шығарылды.
Жүйе Ресей Федерациясымен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өтті.